Бүгүн бүтүн кыргыз журту кабыргасы кайышып, алп акынын жоктоп турат. Бул жоготууну биз эмес бир боор казак бир тууган акындар, Э.Иманалиевдин санаалаш, кесиптеш достору да оор кабылдоодо. Алар абалга жараша алыста болсо да Фейсбук баракчасы аркылуу кайгырууларын билдирүүдө. Биз бул кайрылууну өзгөртүүсүз сунуштайбыз.

Қырғыздың ғажайып ақыны, сазгері жан-жақты талант иесі, ең бастысы жаны жұмсақ, жайдары жүзді ағамыз Элмирбек Иманәлиев өмірден өтіпті.Қырғыздың Қырчын жайлауында екі күн сөйлесіп, сырласып көп сырына қанып едік. Мұқағалидың өлеңдерін, Лена апайдың әндерін, қос халықтың ортақ байланысын, бай мұрасын таңға талмай айта беретін. Қырғыздың кейбір ақындары бізге артық сөйлеп жатса қазылар қатарында отырып өз қолымен құлатып, бізден сахнаның артына кеп кешірім сұрап жүретін баладай елпілдеген адам еді. Атасының аты да Иманәлі екен, Алла иманын жолдас етсін. Амантай, Жеңішбек, Аалы, Азамат, Асылбек бастаған барлық қырғыз ақындарына, Садық Шер-Нияз ағамызға және барша бір туған қырғыз халқына қазақ халқының атынан қайғыра көңіл айтамыз. Ағамыздың соңғы айтқан әндерінің бірі «Қоштасу вальсі» екен ғой, мүмкін Алла сездірген шығар, иманды болсын!!

Кең дүние тарылады дем біткенде,
Ажалға көрсете алмас ерлік пенде.
…Елді үйіріп ырдайтын Елмирбек,
Енді қайтып шықпайды ел күткенде.

Жастықтың әсем сұлу әнін үзбей,
Жайраңдап жүруші еді бәрміздей.
Көктемі ғұмырының көктей солып,
Сағынышқа айналды-ау сары күздей.

Жоқ енді хабарласып, хат алыспақ,
Ұзайды ол бір қимас сәт алыстап.
Қос халықты балқытты қорғасындай,
Қомыз бен домбыраны қатар ұстап.

Ыстық едің, таныстық Ыстықкөлде,
Көк толқынға көміліп түстік бірге.
Сазыңды қайталатып қоятынсың,
Сайраған бақшадағы құс біткенге..

Елеке, ақын едің үнің тәтті,
Таңдайды ойып түсер тілің тәтті.
Бал сорғалап күй тартқан бармағыңнан,
Талайлар шөлдеп келіп шырын татты.

Бақ түгіл сенің сорың мұңың тәтті,
Еркелеп елге шерткен сырың тәтті.
Ақыры қаныңдағы қант көбейіп,
Тәтті өмірің үзілді, тыным тапты.

Көп дегенмен көршімде дарынды ұл-қыз,
Ішіндегі өзің ең жарық жұлдыз.
Сол жұлдызың мезгілсіз ағып түсті,
Бәріңе көңіл айтам, қалың қырғыз!

Қырғызым, кетті ортаңнан ерке балаң,
Қара жер құшақ ашар ертең оған.
Жолдас болсын иманың жолыққанда,
Күліп қарап тұратын көркем адам!
Муктар Ниязов